Оның 18,4 мыңы қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған
Цифрландыру процестері мемлекеттік деңгейде жүреді және өмірдің барлық саласына әсер етеді. Мегаполисте Президенттің тапсырмасы бойынша азаматтар көп жиналатын орындарға 3 050 видеокамера орнатылды, деп хабарлады Алматы экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихаттың VI сессиясында, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір Алматыда 126 мыңға жуық бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 18,4 мыңы қалалық Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.