Медеу ауданындағы қай жағалаулар мен шағынаудандар ретке келтіріліп жатыр

09.09.2022 16:56

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 19 жоба іріктелді

Wikipedia.org

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев толық айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.

Спикердің мәліметінше, өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 19 жоба іріктелді, олардың ішіндегі ең ірісі – Тиксай өзенінің жағалауын абаттандыру бойынша 3 жоба. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

«Шақшақ Жәнібек көшесінен Тәттібеков көшесіне дейін Кіші Алматы өзені бойында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтаудың болжамды мерзімі - ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңы. Экология және қоршаған орта басқармасының желісі бойынша Есентай өзенінің су бөлгішінен Жамақаев көшесіне дейін (1,2 км) су қорғау белдеуі учаскесі бойынша жұмыстар және Алматы хайуанаттар саябағындағы тазарту құрылыстарын пайдалана отырып, тоғандарды абаттандыру жүргізілуде. Жобаны іске асыру аясында жағалауды бекіту, жаяу жүргіншілер жолын орнату және абаттандыру жұмыстары аяқталды», - деп хабарлады Айдос Нурлыбаев.

Медеу ауданының құрамына жаңадан қосылған аумақтар кіргені белгілі. Мұзтау, Көлсай, Сұлусай, Кеңсай, Думан шағын аудандарында және Каменск үстіртінің тұрғын алабында сумен жабдықтау және су бұру желілерінің болмауы аудан үшін үлкен мәселелері болып қалып отыр.

А. Нұрлыбаевтың айтуынша, 2021 жылы «Мұзтау» және «Көлсай» шағын аудандарында 32 км сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды.

Осы шағынаудандарды су көзімен қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні «Балқаш» Су жинау станциясына дейін қосатын Магистральдық желі жобасын әзірлеу жүргізілуде. Келесі жылдың сәуір айында жұмысты бастау жоспарланып отыр.

«Сұлусай» шағын ауданы бойынша - қазіргі уақытта «Алматы Су» МКК ұңғымаларды бұрғылау арқылы магистральдық су құбыры және кәріз желілерін салу бойынша жобаға түзету жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылға жоспарланған.

«Кеңсай» шағын ауданында М.Шоқай және Сәрсенбаев көшелерінде сумен жабдықтау және су бұрудың магистральдық желілерін салу бойынша жоба әзірленді. Алайда, бау-бақша серіктестіктерінің тар көшелері жағдайында жеті метрлік инженерлік дәліздің болмауына байланысты тарату желілерін салу үшін мүмкіндік жоқ. Жобаны одан әрі іске асыру тұрғындарға байланысты. Дәлізді ұсынған кезде бір мезгілде сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу жоспарланған.

«Каменское плато» шағын ауданы ішінара орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Сумен жабдықтау желілерін, резервуарларды және сорғы станцияларын салу бойынша жоба дайын. Іске асыру жобасы 2 кезеңде есептелген. Бірінші кезең бойынша - 3 алаңда резервуарларды салу бойынша жұмыстар 70%-ға орындалды.

Екіншісі бойынша ұзындығы 15 км болатын сумен жабдықтаудың таратушы инженерлік желілерінің құрылысы қарастырылуда, бірақ бұл жерде Кенсай шағын ауданындағыдай көшелердің тарлығы мәселесі туындауына байланысты жұмыстар басталған жоқ. Кәріз бойынша мердігерлік ұйыммен шарт жасалды (ұзындығы 13,4 км). Қазіргі уақытта жұмыстар тоқтатылды, себебі дәліз жоқ.