2021 жылы 270 шақырым электр желілерін қайта жаңарту жоспарлануда
Алматыда «Шетсіз қала» қағидаты бойынша 600 көше жарықтандырлып, 270 шақырым электр желілері реконструкцияланады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«2020 жылы «Алматы қаласының сыртқы жарықт желілерін модернизациялау» МЖӘ шарты аясында 7 магистралды көшеде ескі сыртқы жарық желілері жаңарды, жаңа бағаналар, жарық көздері орнатылды», – деді ӨКҚ брифингінде қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Берік Жамбылов.
Алматыда «Шетсіз қала» бағдарламасына сәйкес жыл ішінде 1 423 көшеге, 4 ауданға сыртқы жарық желілері орнатылды. (Алатау ауданы -413 көше, Жетісу ауданы – 84 көше, Наурызбай ауданы – 312 көше, Түрксіб ауданы – 614 көше).
«2021 жылы қалған 601 көшеге (4 аудан: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу) сыртқы жарық желілерін орнату жоспарланған. Бүгінгі күні 200 көшеде жұмыстар жүруде», – деп атап өтті спикер.
Берік Жамбылов қолданыстағы электр желілерін модернизациялаудың барысы туралы айтты. Алматы қаласының аумағында электр желілерінің ұзындығы 8,381 мың шақырымды құрайды. 2020 жылы электрмен жабдықтаудың 293,4 шақырым желілері (жоспар 150 км) жаңарды, осының арқсында Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандары электрмен үздіксіз қамтылған. Яғни, электрмен 270 мың үй қамтылды.
2021 жылы 270 шақырым электр желілерін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұлардан өзге, «Тұздыбастау» ПС құрылысы басталып, «Алмагүл», «Каскад» ПС құрылыстары аяқталады.