Кездесуге 550-ден астам адам келді
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Медеу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесуге 550-ден астам адам келді.
Ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту өзекті мәселе болып қала береді. «Думан» шағын ауданында сорғы станциясы мен 1800 текше метрлі екі резервуар қайта жаңартылуда. Жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, желтоқсанға дейін «Юбилейный» шағын ауданында және Горная, Батурин, Бегалин көшелерінде ұзындығы 2,6 км кәріз желілерін тапсыру жоспарда бар. 2023 жылдың бірінші және екінші тоқсанына арналған жоспарда «Кенсай», «Каменское плато», «Мұзтау» және «Көлсай» шағын аудандарында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу қарастырылған.
Тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ауданда 16,8 км желі қайта жаңартылды. Жыл соңына дейін 17 км электр беру желілерін жаңғыртуды аяқтау және 18 көшеге сыртқы жарықтандыруды жүргізу жоспарлануда. 2023 жылдың соңына дейін ауданда тағы 37 көшеде жарықтандыру мәселелері шешіледі.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аудандағы жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 21,4 км болатын 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін ауданда №48 және №131 мектеп-лицейіне күрделі жөндеу жүргізілуде. Бірінші мектеп бойынша жұмыстарды ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін, екінші нысанды 2023 жылдың 3-тоқсанында аяқтау жоспарланған. Бұдан басқа, №131, №35 және №99 мектептер бойынша 2023 жылдың 2 тоқсанында 800 жаңа орынға 3 қосалқы нысан салуға ЖСҚ әзірлеу аяқталады. «Думан» шағын ауданында 1 200 орынды жаңа мектеп салынады. Құрылыстың басталуы келесі жылдың 2 тоқсанына жоспарланған.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тапшылықты қысқарту мақсатында ағымдағы жылы жаңа 135 орын ашу үшін №114, №116 және №141 мемлекеттік балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы ауданда қосымша 457 орындық 10 жаңа жеке меншік балабақша ашылды, сондай-ақ жыл соңына дейін 250 орындық тағы бір жеке меншік балабақша ашу жоспарланған.
«Кеңсай» шағын ауданында медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауысымына 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынуда. Аталған нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Думан шағын ауданында ауысымына 500 келушіге арналған жаңа емхана салынады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2023 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.
Медеу ауданының тұрғындарын спорт нысандарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін «Алатау» шағын ауданында жобалық қуаты 150 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады.
Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті. 2022 жылы 800 млн теңгеге 19 жоба іріктелді. Оның 18-і аяқталды, жұмыста 1 жоба бар. Бұл ағымдағы жылдың қазан айында тапсыруы жоспарланған Тіксай өзенінің жағалауын абаттандыру.
Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, кәріз және электр желілерін абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесудің жаңа форматына сәйкес, жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – 8 ауданның әрқайсысының тұрғындарымен тоқсанына бір кездесу.