Кездесу уақыты: сағат 09:00
Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
2022 жылғы 11 тамызда сағат 9:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Мамыр-5 шағынауданы, 6 үй мекенжайындағы №202 мектеп-гимназиясында Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Ағымдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында кездесу барысында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ, бөлмелерде қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады.
Кездесуді онлайн режимінде «Алматы» телеарнасының Youtube парақшасында және Әуезов әкімдігінің Facebook парақшасында көруге болады: