26-30 маусым аралығында Алматы қаласының Әуезов ауданында Сүлейменов көшесінен Пришвин көшесіне дейін Черепанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға сілтеме жасап.
Аталған көшедегі қозғалыс екі жаққа да жабылады.
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбырға биылғы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Жауапты мекеме мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.