Түрксіб ауданының көшелерінде орташа жол жөндеу жұмысы жүргізілді

 elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы аудан әкімі айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров ауданда жол инфрақұрылымы қалай жаңартылып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталықсыздандыру аясында аудан әкімдігі 80 мың м2 жол төсеміне ағымдағы жөндеу жүргізді. Сондай-ақ Қайрат шағынауданындағы тұрғын үй кешені мен мектепке кіретін 2,7 км жол құрылысы аяқталып, бүгінде бір қабат асфальт төселді. 2024 жылдың екінші тоқсанында инженерлік коммуникациялар салынғаннан соң, қалған 5,3 шақырым жол жабдықталады.

Ұзындығы 22 км құрайтын 17 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аудан әкімі жол жамылғысын асфальттау жұмыстары аяқталған көшелерді атап өтті: Сейфуллин даңғылы,  Арал, Байрон, Бердіқожа, Ахметов, Алғабас, Сүйінбай, Шемякин, Спартак, Папанин, 13 ә/қ, Магнитный, Покрышкин, Филатов, Ержанов, Гродненская, Баймағамбетов көшелері.

Сонымен қатар 11 көшеде ұзындығы 8 км болатын тротуарлар салынып, жөнделді (Огарева, Тараз, Пугачев, Обозный, Ақындар, Сейфуллин, Кассин, Котельников, Бейсебаев, Аймауытов, Ғанибет көшелері).

«2023 жылдың соңына дейін ауданның 5 негізгі магистралдық көшесінің бойында, Рысқұлов, Сүйінбай даңғылы, Майлин, Шолохов, Ақан сері көшелерінің бойына эстетикалық келбетті жақсарту ғана емес, сонымен қатар көшелерді жинау кезінде химиялық реагенттерден жасыл желектерді сақтауға арналған 23 км техникалық тротуар салынады», - деп қосты аудан әкімі.

Сонымен қатар Рысқұлова даңғылы арқылы өтетін жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталып, Ержанов көшесі арқылы өтетін өткел құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ Б. Хмельницкий көшесін Қайрат шағынауданынан Талғар жолына дейін кесіп өтуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аяқталу мерзімі - 2023 жылғы желтоқсан. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Новости партнеров