Бұл отын-энергетикалық кешенінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық кәсіпорындарын жаңа жылдық мерекелерге тыңғылықты дайындаудың нәтижесі
Алматы қаласының инженерлік желілері мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде бірде-бір ірі және орташа апат болған жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біз Жаңа жылды жоғары дайындық жағдайында өткіздік. Алматы қаласының жылу-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмысында ірі ақаулар тіркелген жоқ. Осы күндері сумен жабдықтау және электр желілерінде болған бірнеше жергілікті сипаттағы төтенше жағдайлар қысқа мерзімде жойылды», — деді қалалық Энергиятиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев.
Оның айтуынша, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің үздіксіз жұмыс жасауы — бұл Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылатын отын-энергетикалық кешенінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының барлық кәсіпорындарын жаңа жылдық мерекелерге тыңғылықты дайындаудың нәтижесі.
Тәулік бойы кезекшілік ететін жедел-профилактикалық бригадаларға және диспетчерлік қызметтерге ерекше назар аударылды, олардың кәсібилілігі алматылықтар мен қала қонақтарының жайлылығын қамтамасыз етті.
Жалпы, 2020 жыл ішінде Алматы қаласының тұтынғаны:
- 5 млрд киловатт сағат электр энергиясы;
- 1625 млн текше метр газ;
- 145,5 млн текше метр суық су, оның 75,1 млн текше метрі халық;
7,9 млн гигакалория жылу энергиясы, оның 5,5 млн-ы (69,6%) «Алматы электр станциялары» АҚ-на, 2,4 млн-нан астамы (30,4%) — «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС-нің 84 қалалық қазандықтары жылу берді.