Алматыда "Жасыл аула" науқаны аясында тұрғындарға 2400 көшет таратылады

02.04.2022 17:31

Науқанға қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды

пресс-служба акимата Алматы

Алматыда науқанға қатысу туралы өтініш берген тұрғындарға 2400 жапырақты көшет беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биылғы науқанда жеке және заңды тұлғалардан 191 өтініш келіп түсті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 50%-ға жоғары.  

Еске сала кетсек, Жасыл экономика басқармасы жыл сайын көктемде және күзде "Жасыл аула" науқанын өткізеді. 

Басты мақсат – аулалар мен жалпы қолданыстағы аумақтарды көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылыққа шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның тегін беріледі. 

Науқанға қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы екі жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды. Ағаштарды жақын күндері отырғызып, басқармаға фото есеп жолдау қажет.