Алматы дизайны әлемдік тенденцияларды ескере отырып дамуы тиіс – Асқар Әмрин

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қарауына қаланың дизайн-коды жобасы ұсынылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

VIII шақырылған Алматы мәслихатының кезекті сессиясы барысында депутаттардың қарауына қаланың дизайн-кодының жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Мемлекет басшысының 2022 жылғы қарашада және 2023 жылғы тамызда берген тапсырмаларын орындау аясында жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

– Сіз бен біз Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын, Алматы агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын жедел қарап, қабылдадық. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуін өтеу үшін ХӘОТ санатындағы азаматтарға төлемдерді бекіттік, алдағы үш жылдық кезеңге арналған қаланың әлеуметтік бағдарланған бюджетін қабылдадық, - деді Асқар Әмрин.

Оның айтуынша Алматының дизайн-коды - бұл өмір сүруге қолайлы үйлесімді мегаполис құру үшін қалалық ортаны қалыптастыру жөніндегі ережелер мен қағидаттардың жиынтығы.

 Біздің алдымызда екі міндет тұр – Алматының танымал тарихи келбетін сақтау және әлемдік тенденцияларды ескере отырып, мегаполистің болашақ бейнесін дамыту, – деді Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Бұл құжат осы мақсаттарға қолжеткізуге ықпал етуге арналған. Дизайн-код кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Жаңа нысандар үшін ұсыныстар мен талаптардың толық көлемі қолданылады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласының дизайн-коды маңызды құжаттар қатарында

Новости партнеров