Алматыда заңсыз салынған жазғы кафе сүріледі

07.04.2023 17:52

Іс-шараға 2023 жылы 7 сәуірде сот орындаушылары қатысады

Almaty.tv.

Назарбаев даңғылындағы 240-үйде орналасқан  «Здесь и сейчас» кафе-барының жазғы террассасы сот шешімімен сүріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Bars Holding ЖШС меншік иесі рұқсат құжатынсыз мемлекеттік қордың жерлер қосалқы нысан тұрғызған. 2022 жылғы 28 маусымда қала құрылысын бақылау басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) осы қосымшаны бұзу жөнінде талап-арыз берген еді.

Алматы қаласы МАЭС шешімімен қосалқы нысанның заңсыз салынғаны және оны бұзу туралы талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

2023 жылы 7 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүрілетін болады.