Алматы мәслихатының кезекті сессиясы барысында қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев депутаттардың жолайрығын іске қосудың әсері және көлік саласындағы басқа да ірі жобалар құрылыстарының барысы туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жолайрығын салу Сейфуллин даңғылында өткізу қабілетін 15-20%-ға, Жансүгіров көшесі бойынша 15%-ға арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Сағындық Телібаев.
Оның айтуынша, бүгінде Саин, Төле би және Жұбанов көшелерін ұзарту жалғасуда. ҚМБ-ның басшысы бұл жұмыстың тиімділігі қаланың батыс және солтүстік-батыс бөліктеріндегі кептелістерді 15%-ға азайту екенін атап өтті.
- Сонымен қатар Саин көшесі - БАКАД-қа дейінгі радиалды жол, бұл қаланың солтүстік-батыс бөлігін ҮАААЖ-ға шығуына мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде қала құрылысы аумағынан тыс транзиттік автокөліктің өтуі есебінен қаланың көше-жол желісінде көлік жүктемесін азайтады, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығындағы қозғалыс биыл ашылады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда «Батыс» және «Шығыс» өткелдерінде рампалық учаскені, тротуарларды орнату, инженерлік желілерді қайта құру, сондай-ақ жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жұмыстары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Алматыда жарнаманың жаңа салық мөлшерлемесі бекітілді