Мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 18 567 642 тг әкімшілік айыппұл салынды
Алматыда ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің департамент басшысы Сауықбек Қапаев мемлекеттік бақылау нәтижелері мен 2020 жылғы жұмыс қорытынсы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірінші кезекте қажетті ұлттық стандарттарды, техникалық регламенттерді әзірлеу, мемлекеттік бақылау, өнім қауіпсіздігі, ішкі нарықты нашар және сапасыз өнімдерден қорғау мәселелеріне, сондай-ақ сынамалардың сәйкестігін бағалау және өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау саласына көп көңіл бөлінеді.
«Негізгі мақсат – өнімнің қауіпсіздігі, оның сапасының сәйкестігі, нормативтік құжаттардың талаптары тұрғысынан қала халқының тұтынушыларының мүдделерін қорғау және сынақ зертханаларының және басқа да субъектілердің сәйкестігін растаушы органдардың қызметін бақылау. Басты міндет – өндірілетін және айналымдағы тұтынылатын өнімнің қауіпсіздік сапасын анықтау», – деп түсіндірді Сауықбек Қапаев.
2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 83 тексеру жүргізілген, өтініш пен шағым бойынша жоспардан тыс – 37 тексеріс, нысанды барып қадағалау және профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген нұсқамаларды орындау арқылы – 18 тексеріс жүргізілген. 50 жағдайда ҚР Техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталды, бұл тексерулердің жалпы санының 60%-ын құрады.
Мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша тәртіп бұзушыларға жалпы сомасы 18 567 642 тг әкімшілік айыппұл салынды.
Өнімнің сәйкестігін растау рәсімі сақталмаған, атап айтқанда өнімді сәйкестендіру, өнім үлгілерін іріктеу және оларды сынау, өнімді таңбалауға қойылатын талаптар және сәйкестік сертификаттарын рәсімдеу кезіндегі тәртіп бұзушылықтар анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша 5087 – сәйкестік сертификаты, 4231 – сәйкестік туралы декларация, 1562 – тексеру туралы сертификат қайтарылып алынды және қолданысы тоқтатылды, барлығы – 21 254 өлшем құралы, оның ішінде қолдануға жарамсыз – 589 бірлік, сондай-ақ өлшем құралдарын 1 – салыстырып тексерушінің сертификаты, 5 927 850 тг сомасына әкімшілік айыппұл сала отырып, 6 ай мерзімге сарапшы-аудиторлардың 23 аттестаты тоқтатылды. Қорытындысы бойынша жалпы сомасы 17 690 494 (орындалғаны – 15 081 952) тг әкімшілік айыппұл салу туралы 45 қаулы шығарылды.
Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімшілік соты департамент қозғаған 9 материал негізінде 877 148 тг сомасына әкімшілік айыппұл салды.
Тексеру нәтижесі бойынша анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
2020 жылғы 30 желтоқсанда «Техникалық реттеу туралы» жаңа редакциядағы тиісті заң жобаларына және оларға ілеспе заң ретінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Аккредиттеу туралы» ілеспе заңдарға қол қойылғанын атап өткен жөн.
«Техникалық реттеу туралы» ҚР жаңа Заңын қабылдаудан күтілетін нәтиже:
– ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін арттыру;
– бәсекеге қабілетті және сапалы отандық өнім үшін жағдай жасау;
– мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру;
– сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
– техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ЕАЭО шеңберіндегі ұлттықтан жоғары заңнамаға сәйкес келтіру.