Алматының Бостандық ауданында ыстық су беру уақытша тоқтатылады

26.05.2021 18:33

Сонымен қатар, «Алмагүл» және «Қазақфильм» ықшамаудандарында да болмайды

kommersant.ru

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратқа ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

27 мамыр таңғы сағат 8:00-ден 28 мамыр таңғы сағат 8:00-ге дейін Бостандық ауданындағы Жароков - Березовский - Розыбақиев - Өтепов көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмейді. Сонымен қатар, «Алмагүл» және «Қазақфильм» ықшамаудандарында да болмайды. 

«Қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілді. Тұрғындардың жағдайға түсінікпен қарауын өтінеміз», – деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.