Алматыда «Сергек» арқылы 3,6 млрд теңге айыппұл салынды

total.kz
total.kz
Қазір қалада «Сергек» камерасының 414 посты құрылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда биылғы жылдың тоғыз айында «Сергек» камералары 3,6 млн теңгеге заңбұзушылықтарды тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Сергек» камералары 519 мың жол ережесін бұзу фактісін анықтады. 

Салынған айыппұл мөлшері - 3,6 млрд теңге. Бүгінгі күні 2,2 млрд теңге өндірілді. 

Ал, 2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Сергек» камералары арқылы 35 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталды. Салынған айыппұл мөлшері - 4,2 млн теңге болған. Оның 111 млн теңгесі (26,5%) төленді. 

Қазір қалада «Сергек» камерасының 414 посты құрылған, жыл соңына дейін тағы 362 камера пайда болады.

Новости партнеров