Алматылық жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне қарыз болып қалды

20.09.2023 19:32

Бұл туралы Алматы қаласы Еңбек инспекциясының басшысы Еркінбек Әмірғалиев мәлімдеді

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының еңбек инспекторлары 45,3 млн теңге сомасына 321 заңды тұлғаны жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Еңбек инспекциясының басшысы Еркінбек Әмірғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жыл басынан бері азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында жоспардан тыс 522 тексеру жүргізілді. Осы тексерулер барысында еңбек заңнамасы нормаларының 783 бұзушылығы анықталып, заң бұзушылықтарды жою туралы 387 ұйғарым берілді. Жеке және заңды тұлғалардың 3 903 өтініші қаралды, бұл азаматтар мен ұйымдардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша белсенділігінің жоғары екендігін көрсетеді», - деді Е.Әмірғалиев.

Спикердің мәліметінше, 285-тен астам кәсіпорында 708,7 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді, бұл 1 231 қызметкердің еңбек құқығын қорғауға мүмкіндік берді. Алайда, екі кәсіпорында 182 қызметкер алдында 97,5 миллион теңге сомасында ағымдағы берешек қалып отыр.

«Қала кәсіпорындарында жасалған 27 698 ұжымдық шарттың мониторингі мен тіркелуі жүзеге асырылды.  Жыл басынан бастап 155 ұжымдық шарт жасалды», - деп толықтырды  ол.

Кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстары барысында еңбек инспекторларымен 2 064 адамның қатысуымен 132 кездесу өткізілді.  Сонымен қатар, 673 азаматқа еңбек құқықтарына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Сонымен қатар өндіріске байланысты 59 жазатайым оқиға тіркелді. Осы жағдайлардың салдарынан 4 адам қайтыс болды, 26 адам ауыр жарақат алды, ал 30 адам жеңіл жарақаттанды.

Мемлекеттік органның мәліметінше, Алматыда барлығы 110 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, онда 900 мыңға жуық жалдамалы жұмысшы жұмыс істейді.

«Кәсіпорындар мен қызметкерлер саны көп болған жағдайда еңбек құқықтарын бұзуды алып тастау мүмкін емес, бірақ құқықтық түсіндіру жұмыстары есебінен олардың санын азайту жоспарлануда. Сонымен қатар Алматы қаласы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтуге болады», - деп атап өтті спикер.