Шаһарда 695 мыңнан астам жас тұрады
12 тамыз – халықаралық жастар күні. Алматыда бірқатар іс-шара өтеді. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Қажденбек мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, биыл мереке 3 тамыздан бастап атап өтіледі. 10 күннің ішінде 60-тан астам іс-шара ұйымдастырылады деп жоспарланған. Қазір 10 басты бағыт анықталған.
– Олардың ішінде «Taza Qazaqstan», «Jas kelse. Iske!», «Densaulyk – zor bailyk», «Gylym tappai maqtanba», «Meyirimdilik mekeni», «Adal Azamat», «Enbek barin de jenbek», «Ystyq qairat. Nurly aqyl. Jyly jurek», «Qorgan-24», «Jastarmen birge» деген сияқты жастардың өміріндегі барлық бағытты қамтамасыз етуге тырысамыз, – деді Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Қажденбек.
Статистикаға сүйенсек, шаһарда 14 пен 35 аралығындағы 695 мыңнан астам жас тұрады. «Jas Almaty» ауқымды акциясын өткізу шеңберінде оларға қоғамдық тамақтану, демалысын тиімді өткізуде жеңілдіктер қарастырылған. Іс-шара жоспарын jasalmaty.kz сайтынан көруге болады.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар ескі тетропакеттен қағаз дайындау әдісін үйренді