Жеңіс күні: Алматыда мерекелік іс-шара өтетін орындарды безендіру басталды

04.05.2024 20:02

Биыл біржолғы әлеуметтік төлем 2 миллион теңгеге дейін ұлғайды

Almaty.tv

Алматыда жеңіс күні дәстүрге сай атап өтіледі. Қалада мерекелік іс-шаралар өтетін орындарды безендіру басталып кетті. Шаһар әкімдігі қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, жоспарды бекітті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған сәйкес, ұйымдастыру іс-шаралары, әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері, ақпараттық жұмыстар қолға алынған. Сондай-ақ 9 мамыр күні дәстүрлі түрде 28 панфиловшылар саябағында мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым ету салтанаты болмақ.

Айта кетейік, биыл мегаполисте Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін біржолғы әлеуметтік төлем 2 миллион теңгеге дейін ұлғайды.

– Жоспар негізгі 42 тармақтан тұрады. Жоспар жүзеге асып, жауапты тараптар онымен айналысып жатыр. Ең алдымен, Жеңіс күнінің аясында жастар патриоттық сезім ұялату – міндет, – деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Оқи отырыңыз: Мамырдағы демалыс күні ауыстырылды