Биыл 8 аудан бойынша 32 кездесу ұйымдастырылды
Биыл 4-тоқсанда Алматы әкімінің халықпен кездесу форматы өзгерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы мегаполис басшысы Ерболат Досаев ОКҚ-де өткен брифингкте журналистердің сұрағына жауап берді.
Оның айтуынша, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында және ҚР Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын орындау мақсатында тоқсан сайын Алматы әкімінің қаланың сегіз ауданының әрқайсымен кемінде бір көшпелі кездесуі өткізіледі.
Үш тоқсан бойы халықпен кездесу акт залдарында өткізілді. Соңғы айларда Алматы әкімдігі гибридті форматқа көшті.
- Кездесу форматы өзгерді. Мен 8 ауданды араладым, проблемалық учаскелерде болдым. Меніңше, мұндай схема тұрғындар үшін де ыңғайлы. Біз сол жерде бірден шешім қабылдаймыз. Жалпы биыл 8 аудан бойынша 32 кездесу өткіздім, - деді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесі құрылды