Қаланың дамуы мен тұрғындарға жайлы өмір үшін еңбек етем- із Ерболат Досаев

07.03.2024 19:05

Әкім тұрғындар сауалына жауап берді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев қаланың дамуында ақылға қонымды теңгерім сақталатынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Сұрақ:

Бостандық ауданында өткен кездесуде тұрғындар Бұқар жырау бульвары мен Есентай өзенінің қиылысында жоспарланған тұрақтың құрылысына қатысты сұрақ қойды.

«Біз жобаны көрген жоқпыз және ТЖ кезінде скверсіз және жиналатын орынсыз қаламыз ба деп қорқамыз. Бос, жасыл кеңістік қала ма?».

Жауап:

Алматы әкімі 200 көлікке арналған көп деңгейлі автотұрақ салу қажеттігін атап өтті, өйткені аталған ТҮК ауласы мен Бұқар жырау бульварында көлік көп. Бұл жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі машиналарының өтуіне кедергі келтіреді. Жоба аула мен бульварға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, ТЖ кезінде жасыл аймақтар мен жинау орны қарастырылған. Учаске коммуналдық меншікте, сондықтан әкімдік жобаға сәйкес құрылыстың барысын қатаң қадағалайды.

«Қала мен оның тұрғындары үшін жұмыс істеп жатқанымызды білесіз. Қала алға жылжып, дұрыс дамып келеді. Біз бірнеше жыл бойы қордаланған түйткілді мәселелерді шешуге тырыстық. Қалаға тиесілі аумақтарда жасыл аймақтар мен ойын алаңдары құрылады. Былтыр скверлер мен саябақтар үшін 37 млрд теңгеге жер сатып алынды, биыл тағы 45 млрд теңгеге жер телімдерін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Қаланың қажеттілігі елеусіз қалмайды. Ақылға қонымды теңгерім қалпына келтіріледі», - деді Ерболат Досаев. 

2000 жылдардың басында жекешелендірілген учаскелер тұрғындар үшін сатып алынатынын атап өтті.

Бұған дейін, Бостандық ауданын дамыту жөніндегі баяндамада қала әкімі Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га учаскені абаттандыру жалғасып жатқанын хабарлады. Биыл тамызда балалар және спорт алаңдары, иттерді серуендету аймақтарын салу, демалуға арналған орындықтар орнату және суару жүйесі бар жасыл желектер аяқтау көзделген.

Бұған қоса, биыл Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» ҚІЫО аумағын және «Южный» саябағын қайта құру мен абаттандыру аяқталады. Сонымен қатар, цирк алдындағы, Мұстафин көшесінің бойындағы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайының алдындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтеді.

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Бостандық ауданында жобалар қалай жүзеге асырылуда