Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім ұсынылады
Алматыда 24 қыркүйекте сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін Абай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оған облыстың 6 ауданының, Семей қаласының фермерлері қатысады. Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім ұсынылады.
Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна, оның ішінде ет өнімдері – 30 тонна, жеміс – көкөніс өнімдері – 120 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, басқалары -10 тонна.
Кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Ш. Уәлиханов алаңында өтеді.
Оқи отырыңыз: Түрксіб ауданында 30 мың шаршы метрден астам жол төсемі жөнделді