Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі дамудың оң серпінін көрсетуде. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірінші тоқсанда Алматыда 387,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп 11,5%-ға артты.
"Өңдеу өнеркәсібінің 18%-ға өсуін ерекше атап өткім келеді, бұл ең алдымен машина жасаудың белсенді дамуына -1,7 есе өсуіне байланысты. Тамақ өнімдері өндірісінде 1,6%-ға (63,5 млрд теңге, үлесі – 20,4%);
өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісінде 41,1%-ға (13,9 млрд теңге, үлесі – 4,5%);
сусындар өндірісінде 10,5%-ға (15,6 млрд теңге, үлесі – 5%); жеңіл өнеркәсіпте 2,9 есеге (3,8 млрд теңге үлесі – 1,2%); негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар 5,4%-ға (5,8 млрд теңге үлесі – 1,9%); химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 26%-ға (3,2 млрд теңге үлесі – 1%)", – деді Еркебұлан Оразалин.
Сондай-ақ қаңтар оқиғаларынан кейін сауда және қызмет көрсету саласы қайта қалпына келген.
"Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемі 737,8 млрд теңге, көтерме сауда айналымы–2,4 трлн теңге болды. Өздеріңізге белгілі Алматыдағы өңірлік комиссия бизнеске келтірілген залалды дереу өтеуге кірісті. Бүгінгі таңда комиссия жалпы сомасы 11 млрд теңгеден (11 045,9 млн теңге) астам 1499 өтінімді мақұлдады. Зардап шеккен кәсіпкерлердің 95% өтемақы алды. Бүгін олар келушілерге есігін айқара ашып, әдеттегі қызметін қайта бастап кетті. Комиссияның қарауында сараптама жүргізуді, ЖСҚ әзірлеуді және растайтын құжаттарды қалпына келтіруді талап ететін ең күрделі жағдайлар қалды. Бизнеске келтірілген залалды өтеу жұмыстарын 2022 жылдың мамыр айында аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деді ол.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға өсіп, 217 822 бірлікке жетті.