Алматыда Түркістан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

07.10.2023 23:18

Оған 13 аудан мен 3 қаладан келген диқандар қатысады

gov.kz

Демалыс күндері Алматыда Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

8 қазан күндері сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Түркістан облысының 13 аудан мен 3 қаладан (Арыс, Кентау, Жетісай) келген диқандар қатысады.

Жәрмеңкеде өнімнің 50-ден астам атау (ет және сүт, жемістер мен көкөністер, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі - 300 тонна, оның ішінде ет – 60 тонна, жеміс-көкөніс – 200 тонна, сүт өнімдері – 15 тонна, балық – 5 тонна, басқалары – 20 тонна.

Кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Шевченко көшесіндегі Ш. Уәлиханов алаңы (Қонаев пен Пушкин көшелерінің арасында) мекенжай бойынша өтеді.