Алматының Әуезов ауданы әкімі бүгін көпбалалы аналарды қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады. Жағдайы төмен және әлеуметтік санаттағы отбасын жұмыспен қамту бағдарламалары мен шағын кәсіп бастаудың жолдары түсіндірілді. Өтініш айтып келген аналардың басым бөлігін тұрғын үй мәселесі алаңдатады. Жиын соңында аудан әкімі Сайран Сайфеденов барлық талап-тілектің ескерусіз қалмайтынын айтты.
«Онда өзекті мәселелер көтеріліп, жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктелді. Қазір сол тапсырмалардың орындау картасын дайындап, ең қысқа мерзімде шешу жолдары қарастырылатын болады», – деді Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Арыслан Бексұлтанов.