Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін 8 ерте араласу қызметі пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматының Инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі Кеңесінің бірінші отырысында айтылды.
— Ерте жастағы балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету және қолдау мақсатында шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 8 ауданында мектепке дейінгі ұйымдар базасында ерте араласу қызметтерін ашу жоспарлануда. Бұл қызметтің құрамына 56 маман кіреді: трансдисциплинарлық маман, даму педиатры, психолог, арнайы педагог, сенсорлық интеграция жөніндегі маман, логопед, кәсіби терапевт, — деді қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Ерте араласу орталығы ведомствоаралық өзара іс-қимыл органына айналады. Сол арқылы тиісті қызметтердің қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру жоспарланады. Оның негізгі міндеті — тәуекел тобындағы және мүгедектігі бар балалардың бірыңғай дерекқорын құру, сондай-ақ қажетті қызметтерді алудың қадамдық процесін жолға қоюға септігін тигізеді.
Оқи отырыңыз: Кедергісіз қала: Алматы әкімдігінің 119 жобасында инклюзия қағидаты сақталады