Биыл Кемел шағынауданындағы әрбір жеке үйге тұрақты электр энергиясы тартылады

26.05.2022 20:40

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты

Almaty.tv

Биыл Кемел шағынауданындағы әрбір жеке үйге тұрақты электр энергиясы тартылып, қалалық желіге қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«2022 жылы Кемел шағынауданындағы электр желілерін реконструкциялау жұмыстары басталғанын айта кеткім келеді. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Кемел шағынауданындағы әрбір жеке үйге тұрақты электр энергиясы тартылып, қалалық желіге қосылатын болады», – деді қала әкімі.