Алматыда 25 мамырда таңғы сағат 06:00-ден 26 мамырда таңғы сағат 06:00-ге дейін жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі Батыс Желтоқсан көшесі, онда жылу желілерін реконструкциялаудан кейін жол жабынын қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі учаскесінде Ұлттық ғылым академиясының ғимаратын реконструкциялау аясында жол төсеміне жөндеу жүргізілетін болады.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарыңызды алдын ала анықтап алуды сұраймыз.
Оқи отырыңыз:Алматы облысында 20 мыңнан астам жүргізуші ереже бұзған