Қала әкімдігі сессияның қарауына бюджетті нақтылау мәселесін шығарды, олар мегаполистің негізгі салаларын дамытуға бағытталған
Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XII сессиясы өтті. Қала әкімдігі сессияның қарауына бюджетті нақтылау мәселесін шығарды, олар мегаполистің негізгі салаларын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жалпы жергілікті бюджетті нақтылау бюджеттің кіріс бөлігін 30,1 млрд. теңге сомаға жоспарланған асыра орындау есебінен жүргізілуде. Сондай-ақ 36,7 млрд. теңге сомасында бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері арасында бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен.
Аталған қаражат келесі шығыстарға қайта бағытталды:
Білім беруге және денсаулық сақтауға – 2,8 млрд. теңге, оның ішінде: мөлшерлемелердің артуына байланысты мұғалімдерге еңбекақы төлеуге, «Қалқаман» ықшам ауданындағы №7 Қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусының құрылысына және басқа да нысандар;
Әлеуметтік әл-ауқатқа – 17,8 млрд. теңге, оның ішінде:
Наурызбай ауданында әлеуметтік объектілер құрылысына жер сатып алуға (мектептер, емханалар, 2 бала бақша және өрт депосы және т.б.), жеке көмекшінің қызметіне және азаматтардың жеке санатына әлеуметтік көмекке.
Тұрақтандыру қорын әлеуметтік-маңызы бар азық-түлікпен толықтыру үшін 1 млрд. теңге кері схемаға сәйкес қосымша бөлінді.
Білім беру нысандарын көбейту және дамыту үшін ЖСҚ әзірлеуге қосымша қаражат бөлінді, атап айтқанда:
«Шұғыла», «Нұркент» және «Алтын-Бесік» ықшам аудандарында бала бақшаның құрылысына ЖСҚ; 7 мектепке жаңа корпус; «Зерделі» ықшам ауданында жатақханасы бар кәсіби техникалық мектептің құрылысы.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты нығайтуға және абаттандыру мен көгалдандыруды кеңейтуге қаражат бөлінді: Шанырак-1 ықшам ауданында су құбыры және кәріздің тарату желілерінің құрылысына; «Мәдениет» ықшам ауданында сыртқы инженерлік желілерді, ішкі алаңдық жолдарды және алаңдарды;
Көлік инфрақұрылымына – 7,6 млрд. теңге, оның ішінде: 150 автобус бағыты, сондай-ақ Алматы-Қапшағай, Алматы-Ұзынағаш қала маңы поездары бойынша жол ақысын арзандату үшін субсидиялауға және жолаушылар ағысын азайту және метрополитен жүйесін кеңейту мақсатында Москва станциясынан Б. Момышұлы (Достық) станциясына дейін метро желісін салу;
«Шаңырақ» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша облигациялық заемды ішінара өтеуді жүзеге асыруға, ол 2020 жылы төтенше жағдай кезеңінде дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бөлінген болатын. Осы бағдарлама бойынша келесілер салынды: «Алма сити» ТК – 127 үй (3810 пәтер), «Мәдениет» ТК – 22 үй (792 пәтер), «Нұрлы дала» ТК – 8 үй (626 пәтер). Барлық тұрғын үй кешендері пайдалануға берілді.