28 мамыр мен 28 шілде аралығында автокөлік қозғалысы шектеледі
Алматыда 1980 жылдан бастап пайдалануға берілген құбыр реконструкциялануда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жолдың астынан өтетін жылу желілерін қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2024 жылғы 28 мамыр мен 28 шілде аралығында Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейінгі ұзындығы 673 метр Шопен көшесінің учаскесінде автокөлік қозғалысы жабылады.
Жұмыстарды жүргізу кезеңінде аудан тұрғындары үшін ыстық сумен жабдықтау уақытша сызба бойынша сақталады.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала анықтап алған жөн.
Дереккөз: «Алматы жылу желілері» ЖШС
Оқи отырыңыз: Тұрғын үйге кезекте тұрған алматылықтарға пәтер кілті табысталды