І. Өсеров: Алматы ел экономикасына қосқан үлесі бойынша көшбасшы

Twitter
Twitter
Алматы әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті инвестициялық тартымдылық пен қаланың тұрақты дамуының негізі ретінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасау екенін атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 14 маусымда Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров ағымдағы жылдың басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қорытындылары туралы айтты. Оның айтуынша, бес ай ішінде Алматы экономикасының барлық салалары биік межеден көрінді, деп хабарлайды Almaty.tv

Ілияс Өсеров атап өткендей, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Алматы ЖІӨ-нің 19,7%-ын құрады және ел экономикасына қосқан үлесі бойынша көшбасшы болуда.

2021 жылдың бес айында экономиканың барлық негізгі салалары, мәселен өнеркәсіп (+19,7%), құрылыс (+24,7%), байланыс қызметтері (13,4%), сауда (+4,7%) тұрақты өсу қарқынын көрсетуде.

Алматы әкімінің орынбасары жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті инвестициялық тартымдылық пен қаланың тұрақты дамуының негізі ретінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігі үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасау екенін атап өтті.

«Инвестициялар ағыны – бұл экономиканың тұрақтылық көрсеткіші. Бүгінде Алматы инвестахуал бойынша көшбастаушы рейтингіне ие. Қала Бүкіләлемдік банктің субұлттық рейтингі бойынша бизнес жүргізу жөнінен Қазақстанның барлық өңірлерінің арасында бірінші орында тұр. Инвестициялық тартымдылық жыл сайын артып келеді», – деді Ілияс Өсеров.

Ол негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 32%-дан астамға өскенін айтты. Инвестициялардың өсуінің негізгі көзі – кәсіпорын иелерінің қаржысы.

Инвестиция тартудағы оң динамика жылжымайтын мүлікте (56,8%), көлік және қоймалау (82,4%) салаларында байқалады, тартылған инвестициялардағы олардың жалпы көлемі 60,5%-ды құрайды.

Новости партнеров