Ашық аспан астында өнер көрмесі пайда болды

11.12.2023 21:10

Терренкурдың қараусыз қалған бөлігі өнер галереясына айналды

Фото: Кайрат Конуспаев

Көшелері заманауи өнер орталығына айналған аудандар әлемнің көп қаласында бар. Бұл қатарды биыл Алматы толықтырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұрын Достық даңғылынан Есентай өзеніне дейінгі Оспанов көшесіндегі Терренкур учаскесі тар болатын әрі бұл аймақта серуендеу мүмкін емес еді. Алайда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен аз уақыттың ішінде аталған аймақ түрленіп шыға келді.

Мұнда асфальт төселіп, кейбір учаскелер төсеніш тақталармен безендірілді, қала тұрғындарына серуендеуге ыңғайлы болу үшін тротуар кеңейтілді. Медеу ауданы әкімдігінің бастамасымен танымал Repas тобы стрит-шеберлері қараусыз қалған учаскені ашық аспан астындағы көркемсурет галереясына айналдырды.

Ұзындығы 420 метр болатын бұл үлкен кенепте ондаған композиция бейнелегнген. Қабырғаны бояумен 80 суретші айналысты. Барлық сюжет бір қарағанда әртүрлі болып көрінгенімен, оларды біріктіретін түйін бар. Жобаның идеясы – қазақ әліпбиін бейнелейді. Суретшілердің әрқайсы өзіне белгілі бір әріпті таңдап, суретін салады. Сонымен қатар әліппе суретшілердің жұмысында үлкен маңызға ие, әркімнің өзіндік ерекше қолтаңбасы бар. Сондықтан олар үшін әріптік таңбалар символдық сипатқа ие.

Нәтижесінде әрбір муралды шексіз қарай беруге болады. Өйткені қабырға суреттерінде көптеген бөлшек бар. Бұл - қазақтың ұлттық ою-өрнегі, танымал эмодзилер мен шығыстың әсем сұлулары. Мұның бәрі қазіргі әлемнің жарқын әрі сан қырлы екенін көрсетеді. Сюжеттік кескінге бай композияция қала тұрғындары мен қонақтарға эстетикалық ляззат сыйлайды. Мысалы Евгений Chervi өз жұмысын өртте өліп қалған мысығына арнады. Суретші балконына даладан тауып алған мысығын паналатыпты. Мысық жаурап қалмасын деп қылтимаға радиатор орнатқан. Соның кесірінен тұтану пайда болып, пәтер өртенген, мысық та ажал құшқан. 

Жалпы әр суретшінің жұмысы туралы бөлек бөлек айту мүмкін емес. Өйткені әр жұмыстың өзіндік тарихы, айтар ойы бар.  Ең бастысы бұл жұмыс Алматыға емес, тіпті Қазақстан үшін емес, бүкіл Орталық Азия үшін бірегей жоба болып шықты.

- Бұл, шын мәнінде, бүгінгі таңда муралдарға арналған аймақтағы ең үлкен кенеп. Өздеріңіз білетіндей, Орталық Азияда бұл қабырға муралдарға арналған жарты шақырымға жуық жалғыз кенеп, - дейді Almaty Creative Bureau басшысы Кристина Бекмурзаева. 

– Жобаның ерекшілігі - суретшілерге карт-бланш берілді. Көбіне көше әртістері біздің тапсырысымыз бойынша жұмыс істейді. Мысалы белгілі бір мекеме тапсырыс бергенде нақты тұжырымдамаға сүйеніп сурет салынады. Барлығы белгілі бір стильде жасалады. Ал бұл жолы суретшілерге еркіндік берілді. Менің ойымша, бұл жоба Алматы әкімдігінің заманауи мәдениетті қалай қолдайтынын көрсетеді. Мегаполистегі креативті индустрияны дамытуға септігін тигізген жоба деп санаймын. Алдағы уақытта қаламызды одан әрі әдемі, тартымды етуге күш саламыз, - деді Almaty Creative Bureau басшысы Кристина Бекмурзаева. 

Қараусыз қалған учаскенің қаланың бетке ұстар жеріне айналуы коммуналдық қызметтің тынымсыз жұмысының және қазіргі заманғы өнер әлемінің ең көрнекті өкілдерінің арқасында мүмкін болды. Бұл аймақты абаттандыру жұмысы жаз айының ортасында басталған еді. Аспан астындағы көрме 95%  дайын. Десе де, қабырғадағы суреттерді қызықтап қарап жүрген тұрғындар жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын онша байқамауы да мүмкін. 

Оқи отырыңыз: Алматы қаласының ұстаздары «Үздік педагог» атанды