Еуразиялық Энергокомбинат бірнеше өндірісті қамтиды
Құны 12 млрд теңгеден асатын мыс және алюминий созба сым шығаратын зауыт Алматының индустриялық аймағында 2021 жылдың қаңтарында іске қосылды. Өндіріс көлемі жылына 25 000 тоннадан астам өнімді құрайды. Кәсіпорында қосымша 80 жұмыс орны құрылды. Жоба Қазақстанның Ресейге, Қытайға, Парсы шығанағы елдеріне және ЕАЭО-ға экспортының елеулі үлесі бар инновациялық өнімдерге қажеттілігін жабады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еуразиялық Энергокомбинат бірнеше өндірісті қамтиды. Бірінші кезеңде, 2018 жылдың қыркүйегінде инвестициялық компания өндіріс қуаттылығы жылына 100 000 км-ден астам кабель шығаратын «ЕВРАЗКАБЕЛЬ» кабельді-өткізгіш өнімдерін шығаратын зауытты іске қосты. 100-ден астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
«Қазақстанның инновациялық кәсіпорындарға қажеттілігі өте жоғары. Қазақстан бай шикізат базасына ие, қолайлы географиялық жағдайға ие, белсенді инвестициялық саясатты жүргізеді. Алайда, бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің төмен үлесі сақталуда. 2018 жылы электротехникалық өнімнің импортына байланысты республиканың шығыны 2 млрд доллардан асты. КМК Investment инвестициялық компаниясының жоспары бойынша жыл сайын комбинат аумағында өңдеу өнеркәсібінде бірегей өндірістерді іске қосу, олар ішкі нарықты дайын жоғары сапалы өніммен 100%-ға қамтамасыз ете алады. 2022 жылға қарай қазақстандық қамту үлесі әрбір шығарылатын өнімде 98-100%-ды құрайды», — деп хабарлады «КМК Investment» ЖШС бас директорының орынбасары Андрей Приходько.
Кейінгі жылдары инвестициялық компания Алматы индустриялық аймағында полиэтилендер мен пропилендер, қорытпалардан жасалған аса жеңіл кабельдік науалар өндірісін іске қосуды, сондай-ақ инновациялық әзірлемелер саласындағы ғылыми-зерттеу институтын ашуды жоспарлап отыр.