Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін қажетті техникамен қамтамасыз етілген – алматылық дәрігер

17.08.2020 21:44

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап емханаларда онлайн-кеңестер ұйымдастырылды

Фото: Кронколит

Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында №5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Лаура Малдыбаева айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медицина қызметкерлері мен  қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап емханаларда онлайн-кеңестер ұйымдастырылды.

Осыған байланысты, барлық дәрігерлер жедел және уақтылы медициналық қызмет көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін барлық құралдармен, құрылғылармен, яғни компьютер, ноутбук, планшет, телефонмен  қамтамасыз етілген. Дәрігерлерге алаңсыз онлайн-кеңес жүргізу үшін барлық жағдай жасалды», – деді Л. Малдыбаева.  

Сонымен қатар,  дәрігерлер толық  жеке қорғаныс құралдарымен: әр  ауысымға екі сағат сайын бір рет қолданылатын маскалар, бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдері,  дезинфекциялық құралдар,  қолғаптармен қамтамасыз етілген.