Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерболат Досаев айтты
Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмекті (АМӘК) дамыту - әкімдіктің 2022 жылғы жұмысындағы басымдық болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Емханаларға түсетін жүктемені азайту және консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін осы жылдың соңына дейін Кемел және Мамыр шағын аудандарында 2 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны салу және №11 қалалық емхананы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ Саялы, Қарасу және Нұршашқан шағын аудандарында 3 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, 2023 жылы аяқталады», – деді қала әкімі.
Емханаларды заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етуге 1,7 млрд. теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін 2 емхана мен 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 2023 жылы тағы 3 отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталады.
«Ана мен бала өлімін азайту үшін биыл «Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығының» жаңа корпусы салынып бітеді, 4 перзентхана мен 2 балалар стационарын 2,8 млрд. теңгеге техникалық жарақтандыру жақсартылады», – деді қала әкімі.
Өткен жылы ана өлімі бойынша 26 жағдай тіркелді.
Осы жылы І-жарты жылдығында 3 ана өлімі орын алды:
Қан айналымы жүйесі ауруларынан, онкопатологиялардан болатын өлім жағдайын азайту үшін 3 жылдық бағдарлама шеңберінде 6,9 млрд. теңге сомасына көп бейінді стационарлар жаңғыртылады.
Сондай-ақ, аса тапшы мамандықтар бойынша 240 дәрігерді даярлау және 1000 медбикені оқыту жүргізілізіп жатыр.
2022 жылы медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттырады, ана өлімін 3 есе азайтады.