Алматыда қатты жер сілкінісі болуы мүмкін бе

 Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми орталық директоры Дәулет Сәрсенбаев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы комиссиясының соңғы деректері бойынша Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты. Брифингте болжамды комиссиялардың қорытындыларымен Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ғылыми орталық директоры Дәулет Сәрсенбаев бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ӨКҚ спикері атап өткендей, сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия ғылыми орталықтың сейсмологиялық деректерін бақылау материалдарын талдауды жүзеге асырады және осы материалдарды жауапты мемлекеттік органдарға ұсынады.

«Біздің мамандардың қорытындысы бойынша, бірнеше ғылыми бағыттардың деректері бойынша, жер қыртысындағы «жойқын» 200-ге жуық процестерді зерттей отыра және Алматы сейсмикалық белсенді ауданының аумағында 5.5 және одан да көп магнитудасы бар жер сілкінісі болмайды», - деді Д.Сәрсенбаев.

Комиссия құрамына ғылыми орталықтың жетекші мамандары кіреді. Сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия жыл сайын Алматының сейсмикалық қауіпті өңіріндегі өткен жылғы бағалау нәтижелері бойынша сейсмикалық ахуалды бағалайды.

Сейсмикалық жағдайды бағалау туралы апта сайынғы ресми ақпарат Алматы қаласының ТЖД, Алматы облысының ТЖД, ҚР ТЖМ және басқа да тиісті органдарға беріледі.

«Жалпы, егер Алматы сейсмикалық белсенді өңіріндегі фондық сейсмикалықты (к=9,6-10,5) ескере отырып, жер сілкіністерінің эпицентрлерін қарастыратын болсақ, онда олар оңтүстік-шығыс бағытта созылып жатыр. К=10,6-12,5 бар ошақтардың көпшілігі Жоңғар болжамды аймағына орайластырылған және батыс-шығыс бағытта созылған. Адыңғы жер сілкіністері негізінен фондық сейсмикалықты сипаттайды», - деді спикер.

«Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының» мәліметтері бойынша сейсмикалық жағдайды бағалау 2024 жылғы ақпанның басына дайын болды.

Сарапшы оңтүстік пен оңтүстік-шығыс Қазақстан жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта екенін еске салды. Алматы қаласы тау бөктерінде орналасқан, бұл - сейсмикалық-шартты процестердің қосымша қауіптілігінің факторы.

«Әрине, жақында Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы таяуда болған жер сілкінісінен кейін, оның сейсмикалық толқындары Қазақстан аумағында сезіліп, халық арасында дүрбелең туғызды, кейінгі жер сілкінісінен кейін оның қайталанауы мүмкін бе деген  мәселе халықты қатты алаңдатады. Егер Савельев мырза сияқты пайымдайтын болсақ, онда сіз ай сайын жер сілкінісі болады деп «болжанады» және бұл сәйкес келуі де мүмкін. Айтпақшы, ол 15 қаңтарда Алматы қаласының аумағында сейсмикалық апатты 12 балл деп болжағанын еске салғым келді. Шын мәнінде, 7 балдық жер сілкінісі 23 қаңтарда Қытайда Алматыдан 260 шақырым жерде орын алды», - деп атап өткен ол Алматы тұрғындары мен қонақтары сол күні 5 балдық жер сілкінісін сезгенін айтып, толықтырды.

Сондай-ақ, ағымдағы сейсмикалық жағдай бойынша қорытындылар сейсмикалық процестерді: гидродинамикалық, гидрохимиялық, геофизикалық, деформациялық процестерді және тіпті биологиялық бақылауларды мониторингтеудің алынған деректерінің кешені бойынша берілетінін түсіндірді.

«Азаматтардың өздері жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі барлық тәртіп ережелерін нақты білуі керек. Жапонияны алып қарайық - онда жер сілкінісі үнемі болып тұрады, бірақ іс жүзінде зардап шеккендер болмайды. Тағы да еске түсірейік – Алматыда жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер болды ма? Жоқ, адамдар дүрбелеңнен зардап шекті. Ал ол қайдан пайда болды? Жағдайды түсінбеу салдарынан, әртүрлі жалған хабарламалар мен мемлекеттік органдардан ақпараттың жеткіліксіздігі салдарынан. Бұл бағытта жұмыс істеу керек», - деді сөз соңында ӨКҚ спикері.

Новости партнеров