Дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) бір ауысымда 350 оқушыны сабақтан тыс жұмыспен қамтамасыз етеді
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Медеу және Түрксіб аудандары тұрғындарымен кездесу кезінде «Алатау» шағынауданындағы жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (ДСК) аралап, «Авиатор» стадионының аумағындағы ДСК құрылысының жобасымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде шағын футбол, баскетбол, волейболға арналған әмбебап спорт залы, 6 жолдық бассейн, балалар бассейні, жүзушілерге арналған құрғақ және күш сынайтын залдардың болатынын баяндады. Жүзу, еркін күрес, дзюдо, ауыр атлетика, шахмат секцияларын ашу жоспарлануда. ДСК ауысымда 149 бала қатыса алады.
Нысанның дайындығына қарамастан, техникалық паспорттың болмауына байланысты кешенді іске қосу мүмкін емес. Ерболат Досаев техникалық құжаттаманың жағдайын 2024 жылдың қаңтарының соңына дейін анықтауды және ДСК-нің ашылуын шағынауданның 14 мыңнан астам тұрғыны күтетінін,іске қосу процесін жеделдетуді тапсырды.
«Алатау шағынауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені географиялық жағынан ең шалғай, бірақ ол шағынаудан тұрғындары үшін спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігін өтей алады», - деп атап өтті Алматы әкімі.
Сондай-ақ қала басшысы кешеннің барлық алаңында инклюзивті орта құру қажеттігін атап өтті. Ерболат Досаев спорт басқармасына жүзу секциясының кестесінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың сабағы үшін жеткілікті сағат санын қарастыруды тапсырды.
Түрксіб ауданындағы ДСК ауысымына 200 баланы қамтуға есептелген. Мұндағы жұмыстар 2022 жылдан бастап жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеумен «КапРемПроект» мердігерлік ұйымы айналысады. Құрылыстың басталуы 2024 жылдың маусымына жоспарланған.
Бұл жоба спорт басқармасымен бірлесіп, жұмыс жасайтын жаттықтырушылардың, Халықаралық жүзу федерациясының ережелерін және ҚР Ұлттық атқыштар қауымдастығының ұсынымдарын ескере отырып әзірленді. Спортшылар үшін 40 орындық 3 киім ауыстыратын бөлме қарастырылған: әрқайсысында жуынатын бөлме болады. ДСК-де 50 метрлік бассейннен басқа, медициналық пункт, түгендеу және жаттықтырушы бөлмесі, сондай-ақ жылыту және дайындық залы болады.
«Кешенде гимнастика мен күш жекпе-жегіне арналған бадминтон, теннис, гандбол сияқты командалық спорт түрлеріне арналған әмбебап зал қарастырылған. Екінші қабатта атыс алаңы болады. Жобаның негізгі қағидасы - аумақты барынша тиімді пайдалану. Ғимараттың өзінде 4 кіреберіс болады, оның бастысы футбол алаңына қарайды. Егер дизайн туралы айтатын болсақ, онда барлығы хайтек элементтерімен минимализм стилінде жасалған», - деп атап өтті «КапРемПроект» сәулетшісі Мұрат Сағындықов.
Ерболат Досаев «Авиатор» стадионындағы алаңды ретке келтіруді, сондай-ақ ДСК ғимаратының сапалы қасбеттік жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қала басшысы жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешеніндегі бассейн ҚР Су спорт түрлері федерациясының талаптарына сәйкес салынғанын атап өтті: ұйымнан рұқсат беру құжаты кез келген деңгейдегі, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жүзу бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.
«Бүгінде қалада мұндай орындар жетіспейді. Бұған спорт басқармасы қатысуы тиіс», - деп атап өтті Алматы әкімі. Ол осы спорт нысандарына келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басымдықта болуы тиіс екенін атап өтті.
Анықтама: Алматыда ДСК қала әкімінің тапсырмасы бойынша балалар мен жастарды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты салауатты өмір салтына тарту үшін салынуда. Мегаполисте ДСК құрылысы 2021 жылы басталды: 2022 жылы Жетісу ауданындағы Айнабұлақ, Кемел және Құлагесынды 3 шағынауданындағы дене шынықтару - сауықтыру кешендері бүгінде олар штаттық режимде жұмыс істейді. 2023 жылы Алатау және Зерделі шағынаудандарында 2 ДСК құрылысы аяқталд. 2024 жылы Жас қанат шағынауданындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.