Наурызбай ауданының мыңдаған тұрғыны таза сумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта аудандағы су және кәріз құбырларын жаңарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда төрт ықшам ауданның су және кәріз жүйесі толығымен жаңартылған. Ал үшеуінде жөндеу жұмыстары жасалуда. Сондай-ақ, тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін Қарғалы өзенінің жанынан су жинау және тазалау стансасы салынуда.
«Алматы қаласы Энерготиімділік басқармасымен біріге отырып... жоспар. Қазіргі таңда сол жоспарлардың жұмыстары жүргізілуде. Сүзгіре қойылады. Хлор. Лаборатория. Сондай заманауи су сүзгіш станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде», – деді Наурызбай ауданы қоммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Өркен Қодаров.
Тұрғындар бұл жұмыстардың аяқталуын тағатсыздана кутіп отырғанын айтады. Айтуынша, ауданда біраз жұмыс атқарылған. Тек үйге тезірек таза су жетсе дейді.
«Енді жоғары жақта ауыз су құбырларын жүргізіліп жатыр дегенді естіп жатырмыз. Сол бітсе, бәрі жақсы болады. Осы әкімімізге рақмет, ауылымызға асфальт әр көшеге салып берді. Жарық бар. Енді тек қана бізді су мәселесі мазалап жатыр», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Рита Байқұлақова.
«Ауылдың тұрғындары да бәрінің айтатыны осы су мәселесі. Соны шешіп берсе деп тілейміз», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Гүлхан Сәрсенбаева.