Модернизацияланған велотрек жастар мен кәсіби спорттың дамуын жаңа деңгейге көтереді
Алматы әкімі спорт нысандарының құрылыс барысымен танысқан кезде олардың материалдық-техникалық жабдықталуына және тұрғындар үшін қолжетімді болуына ерекше назар аударды. Бұқаралық спортты дамыту және мегаполисте кәсіби спорт командаларын дайындау мақсатында спорттық инфрақұрылым белсенді түрде жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орталық мәдениет және демалыс саябағында Алматы велоспорт федерациясының қаржысы есебінен спорттың осы түрін танымал ету мақсатында велотректің инфрақұрылымы модернизациялануда. Осы кезеңде жолдың беті өзгереді, велотректің аумағындағы BMX жолы да жаңартылады. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Модернизацияланған велотрек балалар мен жасөсіпірімдердің және кәсіби спорттың дамуын жаңа деңгейге көтереді, Almaty Cycling Team құрлықтық велокоманданың дайындығын күшейтеді. Сонымен қатар, барлық халықаралық талаптарға сай велотрек мегаполисте өтетін жарыстардың күнтізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Модернизацияланған велотрек жастар мен кәсіби спорттың дамуын жаңа деңгейге көтереді. Бұл ретте барлық халықаралық талаптарға жауап беретін велотрек мегаполистегі жарыстар күнтізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Б. Сағынтаев бейімдеу-жаттығу орталығы, спорт залы мен жабық бассейн салынып жатқан «Халықаралық шаңғы трамплиндері кешені» II кезеңін іске қосу барысымен танысты. Әмбебап жаттығу залы 580 орынға есептелген және күрес, футбол, волейбол, баскетбол және басқа спорт түрлеріне арналған. 6 жолақты алаңы 25 те 16 шақырым болатын жабық жүзу бассейні жартылай олимпиадалық қашықтыққа есептелген. Мұнда спорт зал да қарастырылған. Нысан күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Бостандық ауданында, Гагарин саябағының солтүстігіне қарай Champion жеке қорының қолдауымен, қазіргі заманғы спорт кешенінің құрылысы басталды, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар да жаттығулар жасай алады. Аяқталуы келесі жылға жоспарланған.
Бүгінде Алматыда 3400-ге жуық спорт нысаны, оның ішінде 12 стадион, спорт сарайы, 14 спорт кешені мен 12 спорт ғимараты. Сонымен қатар мегаполисте құрама командалардың 5 жаттығу орталығы, 3 шаңғы базасы, 12 ату тирі, ату алаңы, велотрек, секіру трамплині, 6 хоккей корты және конькимен жүгіру стадионы бар. 2671 тегіс құрылымдар, 102 теннис корты, ипподром, 10 спорт манежі, 51 бассейн, 483 спорт залы, 12 кіріктірілген спорт залы бар.
Алматыдағы жабық спорт ғимараттарының жалпы алаңы 81 503 шаршы метрді құрайды. Биыл оларды жергілікті бюджет есебінен көбейту үшін қала шетінде жалпы алаңы 38 мың шаршы метр болатын 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен теннис орталығы салынады. Жалпы өткізу қабілеті тәулігіне 5 250 адамды құрайды, спорттық секциялар саны – 150.
Бюджеттен тыс қаржы есебінен 6 жаңа спорт нысанын, оның ішінде ДСК, үстел теннисі орталығын, теннис орталығын, күрес кешенін, «Сұңқар» ХШТК-да гимнастика залы мен спорт кешенін салу жоспарлануда. Спорттың 15 түрінен 70-тен астам спорт секциялары ашылатын болады.
Жұмыс сапарының соңында Б. Сағынтаев Думан шағын ауданындағы жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Ұзындығы 13,4 шақырым болатын 29 көшедегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, асфальтбетон жамылғысы төселіп, арық желілері мен тротуарлар жасалды. Ұзындығы 14 шақырым болатын қалған 24 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, аяқталуы күзге жоспарланған.