Іс-шараға150-ден астам адам келді
15 сәуір – «Мемлекеттік қызмет алушылар күніне» орай, Алатау ауданы әкімінің аппараты Мемлекеттік істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңке өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған іс-шараға аудандық білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер, көші-қон қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, қорғаныс істері жөніндегі, цифрландыру және т.б. мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты. Жәрмеңкенің мақсаты - азаматтарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. 150-ден астам адам келген жәрмеңкеде Мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері қызмет көрсету тәртібін түсіндіріп, қызмет алушылардың сұрағына жауап берді.
Оқи отырыңыз: Алматы – біздің ортақ үйіміз: Наурызбай ауданындағы 8 мың шаршы метр жол жөнделеді