Алматы әкімдігінің құрылымына қандай өзгерістер енгізілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімдігі мәслихатының қаланы басқару сызбасын бекіту туралы (04.03.2022 ж.) шешімі және әкімдіктің қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерін қайта ұйымдастыру және қайта атау туралы (09.03.2022 ж.) қаулысы негізінде Алматы қаласы әкімдігінің құрылымына өзгерістер енгізілді:

- әлеуметтік әл-ауқат басқармасы одан еңбек инспекциясы басқармасын бөлу арқылы қайта құрылды;

- стратегия және бюджет басқармасы қаржы басқармасы мен экономика басқармасына бөліну арқылы қайта құрылды;

- креативті индустриялар басқармасы жастармен жұмыс жөніндегі функцияларды кеңейте отырып, жастар саясаты басқармасы болып қайта құрылды;

- энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы болып қайта аталды;

- тұрғын үй саясаты басқармасы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы болып өзгертілді;

- жасыл экономика басқармасы экология және қоршаған орта басқармасы болып қайта аталды;

- жайлы қалалық орта басқармасы – құрылыс басқармасы болып өзгертілді;

- қоғамдық денсаулық басқармасы – қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болып қайта аталды.


Новости партнеров