Алматыда қала күні қалай тойланады

15.09.2022 22:26

Мерекелік шаралар қаланың сегіз ауданында да ұйымдастырылады

dknews.kz

Қала күніне арналған мерекелік шаралар 17 қыркүйекте Алматының сегіз ауданында да ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Концерттер, көрмелер және басқа да танымдық-ойын-сауық іс-шаралары келесі орындарда өтеді:


  •  Алатау ауданы – Атлеттер ауылы, сағат 11:00;
  •  Алмалы ауданы – Ганди паркі,  сағат 11:00;
  •  Әуезов ауданы – Family Park, сағат 11:00;
  •  Бостандық ауданы – Mega Alma-Ata СОО, Розыбакиев, 247а, сағат 11:00;
  •  Жетісу ауданы – Гүлдер саябағы, сағат 11:00;
  •  Медеу ауданы – Ғылым Академиясы алдындағы алаң, сағат 12:00;
  •  Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347/2, сағат 11:00;
  •  Түрксіб ауданы – Сейфуллин атындағы саябақ, сағат 11:00.


Еске салсақ, Қала күніне орай мерекелік шаралар 16-18 қыркүйек аралығында өтеді. Тұрғындар мен қонақтарды концерт, жәрмеңке, фестиваль және тағы басқа күтеді. Мерекелік іс-шаралар бірден мына жерлерде өтеді: Тұңғыш Президент саябағы, Абай алаңы, Панфилов және Жібек Жолы көшелері, Абай атындағы ҚазҰОБТ алдындағы алаң, Астана алаңы және "Алматы Арена" мұз сарайы.