Алматыда қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспары қабылданады

26.04.2024 22:30

Қалада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер де тексеріледі

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен тау бөктеріндегі құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының қабылданған Бас жоспарына сәйкес 2040 жылға дейін Алматының қала құрылысы регламенттерін іске асырудың жаңа жоспарын әзірлеу басталды.

 — Жұмыс биылғы шілденің соңына дейін аяқталады. Аяқтау нысаны — Алматы қаласы мәслихатының шешімі, — деді қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин.

Алматы қаласы әкімдігінің қызметіндегі басты басымдықтардың бірі — тау бөктеріндегі аймақтағы құрылыстың сапасын бақылау. Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әкімдік орталық мемлекеттік органдарға 2016 жылы «Doing Business» бағдарламасын іске асыру шеңберінде таратылған жобалау, құрылыс және бақылау процесін қатаңдату жөнінде ұсыныстар жіберді.

Сондай-ақ қалада мақсатсыз пайдалану үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер  де тексеріледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда су нысандарын қайта түгендеу жұмыстары басталды