Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы К. Янкаускасты қабылдады
Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Кестутис Янкаускаспен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестиция тарту, сондай-ақ адами капитал мен қалалық ортаны дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың құқықтық негізі 1999 жылдың шілдесінде күшіне енген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім. Сондай-ақ 2015 жылдың 21 желтоқсанында кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КСЫК) қол қойылған болатын, бұл келісім ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жан-жақты дамуына ықпал етуге арналған. 2016 жылдың 25 наурызында ҚР Президенті КСЫК ратификациялау туралы Заңға қол қойған еді.
ЕО – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылы ЕО Қазақстанның сыртқы сауда айналымының төрттен бірінен астамын (28%) және біздің республиканың экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан (47%) болды.
2020 жылға Қазақстан мен ЕО арасындағы жалпы тауар айналымы 85 млрд доллар болды, бұл жағдайда ЕО-ның үлесі жалпы тауар айналымының 28 пайыз. 2020 жылы Қазақстан 17 миллиард доллар тікелей инвестиция тартты, онда ЕО үлесі 47 пайыз болды. Инвестицияның негізгі бөлігі Нидерландыда, Францияда, Германияда және Люксембургте.