4 ақпанда сағат 11:00-де Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді

03.02.2021 22:36

Әкімнің есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыз

Almaty.tv

Ертең, 4 ақпанда сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетовтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты іс-шара видеоконференция режимінде болады. Аудан тұрғындары өзінің сауалдары мен талап-тілегін алдын ала WhatsApp номеріне +7 701 323 86 28 жазып, жедел желі номеріне +7 727 334 00 24 немесе +7 727 275 22 16 хабарласа аласыздар. Сонымен қатар, «Алматы» телеарнасының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы да сұрақ жолдай аласыздар.

Есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен, онлайн режимде  Almaty.tv сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары – YouTubeFacebook-тан көре аласыздар. Барлық сұраққа толыққанды жауап беріледі.

2021 жылдың 1-10 ақпан аралығында Алматы қаласының барлық 8 аудан әкімінің онлайн режиміндегі есеп беру кездесуі өтеді.

4 ақпан сағат 11:00-де Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов

5 ақпан сағат 11:00-де Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева

8 ақпан сағат 11:00-де Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев

9 ақпан сағат 11:00-де Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов;

10 ақпан сағат 11:00-де Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров.