Саяхаттаушылардың қызығушылығын арттыру көзделеді
2023 жылдың 9 айында Алматыда туристер саны 17,4% өсіп,1,5 млн адамнан асты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Соның ішінде шетелдік туристер 1,5 есе көп. 2023 жылдың соңына дейін туристердің саны 2 млн адамға дейін артады деген болжам бар. Бұл деректерді Алматы әкімі Ерболат Досаев Астанада өткен ОКҚ брифингінде айтты.
- Алматы экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін туризмді дамыту үлкен рөл атқарады. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Алматы агломерациясы шеңберінде Түргеннен Қаскелеңге дейінгі тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды. Туристердің қызығушылығын ояту үшін 6 орын мен тартымды жерді қосу көзделеді. Олар: Қаскелең мен Түрген шатқалы, Үлкен Алматы көлі, Медеу-Шымбұлақ, Талғар-Есік, Ақ-бұлақ, - деді Ерболат Досаев.
Оқи отырыңыз: Мегаполистегі әлеуметтік нысандардың 30% мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделеді