Алматыда жәрмеңкеге Алматы облысының тауар өндірушілері 455 тоннадан астам өнім әкеледі

23.11.2021 22:43

Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады

qazaqstan.tv

Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және Алматы облысы мен Алматы қаласы арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту аясында 2021 жылдың 27 қарашада Алматы қаласының «Астана» орталық  алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

 Алматы облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жалпы құны 175 млн теңгені құрайтын 455 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылатын болады. Ассортимент 53-тен астам өнім атауымен ұсынылған, соның ішінде:

• Ет өнімі – 36 тонна;

• Жеміс-көкөніс өнімі – 115 тонна;

• Картоп – 39 тонна;

• Жеміс жидек – 38 тонна;

• Сүт өнімі – 21 тонна;

• Балық өнімдері – 16 тонна;

• Өзге өнімдер – 190 тонна өнімдері бар.

 Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.