Оңтүстік астанамызға айналған Алматыны бірге дамытайық – мәслихат депутаты

30.06.2022 23:13

Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасын әзірледі, онда мегаполисті 2025 жылға дейін дамытудың негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар көрсетілген. Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бекенова Гүлжан пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі 2022 жылдың 27 маусымында қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласының 2025 және 2030-шы жылдарға дейінгі орта мерзімді даму жоспарларының жобасын, қала жұртшылығына талқылауға ұсынған болатын. 46 беттен тұратын қаламыздың дамуына бағытталған презентацияны толықтай оқып, танысып шықтым. Міндетті түрде оқып шығыңыздар. Оңтүстік астанамызға айналған Алматы шаһарын бірге дамытайық!» – деді депутат.