Магистральдік жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Бостандық ауданының Розыбакиев - Қожанов - Гагарин - Короленко көшелерінің аумағындағы тұрғын үй мен өзге де ғимараттар магистральдағы апатқа байланысты жылу желісінен ажыратылады.
1976 жылы пайдалануға берілген диаметрі 800 мм құбыр істен шықты, «Алматы жылу желілері» ЖШС апатты жоюмен айналысып жатыр.
Аталған секторға жылу мен ыстық су беруді сағат он екіге дейін қалпына келтіру жоспарланған.
Бұл ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеміз.
Естеріңізге салайық, қандай да бір апат туындаған жағдайда (су құбыры тесілу, бу шығу ) өз бетінше әрекет жасамай, төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласуға кеңес береміз:
+7 (727) 378-06-65 (тәулік бойы) немесе
+7 (727) 341-07-77 (08:00-ден 18:00-ге дейін).
«Алматы жылу желілері» ЖШС
Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күні қалай тойланады