Алматылық кәсіпкерлер мен Nur Otan партиясы бірлесіп, қайырымдылық шарасын өткізді

31.07.2020 03:42

Бұл жолғы азық-түліктің бір бөлігі 300 медицина мамандарының отбасына үлестірілсе, қалғаны 150 мұқтаж отбасыға берілді

Аlmaty.tv

«Берекені көктен емес, бірлігі мол көптен тіле». Ауызбіршілігі жарасқан алматылық кәсіпкерлер мен Nur Otan партиясы елдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты қайырымдылық шарасын одан әрі жалғады. Бұл жолы мұқтаж отбасылардан бөлек, медицина мамандары да назардан тыс қалмады. Бір кәсіпкер оттегі оксигенаторын медициналық мекемеге сыйға тартса, енді бірі аз қамтылған отбасылар азық-түлікпен көмек көрсетті. Қайырымды іске куә болып қайтқан Almaty.tv тілшісі Арнат Дүйсен жалғасын.

10 жылдан атсам Алматыда құрылыс саласында жұмыс істеп келе жатқан мына кәсіпорын кезекті рет қайырымдылық істі қолға алды. Бас директоры Nur Otan партиясының белсенді мүшесі. Бұған дейін кәсіпкер 94 миллионға жуық соммаға көмек көрсеткен.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  және Алматы қаласының әкімінің қолдауымен осы шараларды өткізіп жатырмыз. Еліміздің осындай қиын кезеңінде Құрбан айт мерекесіне орай медицина мамандарына және аз қамтылған отбасыларға көмектесуді ойластырып жатырмыз. Бұл тоқтамайды. Біздің көмегіміз әлі де жалғасатын болады», – деді кәсіпкер Долқунтай Абдулхалил.    

Бұл жолғы азық-түліктің бір бөлігі 300 медицина мамандарының отбасына үлестірілсе, қалғаны 150 мұқтаж отбасыға берілді. Өз кезегінде азын аулақ көмек алған медицина мамандары мен аз қамтылған отбасылар ризашылығын білдірді.  

«Біздің медициналық қызметкерлердің ары қарай жақсы жұмыс істеуіне, жұмыстың сапасының жақсы болуына өте көп көмектеседі. Мұндай қайырымдылық шарасы бірнеше рет ұйымдастырылып отыр Алмалы ауданы бойынша. Осыған мұрындық болған Алмалы аудандық Nur Otan партиясы», – деді қалалық кордиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев.

«Өте ризамыз Nur Otan  партиясы көп-көп рақметімізді айтамыз. Ризашылығымызды білдіреміз бізді ұмытпай осылай көмегін көрсетіп жатқанына», – деді көпбалалы анна Гүлмира Сатыбалдиева.

Одан өзге бүгін тағы бір  Nur Otan партиясының мүшесі, кәсіпкер Есенгелді Зәкірханұлы өз қаржысына оттегі оксигенаторын №7 қалалық клиникалық ауруханасына сыйға тартты. Одан өзге Қазақстанның басқа аймақтарына осындай көмек көрсетуді жоспарлап отыр.    

«Тағы да шалғай жатқан Қазақстанның аудандарында жетіспей жатқан туралы хабарлар келіп жатыр. Екеуін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы ауруханаға, Өскемендегі ауруханаға тағы 3 аппаратты бүгін жеткіземіз», – деді кәсіпкер Есенгелді Талбединов.

Бұл қос кәсіпкердің қайырымды ісі көпке үлгі. Қалталы қазақстандықтардың эпидемиологиялық ахуал кезінде бір жағадан бас шығаруы көңіл қуантады дейді көмек алғандар.  

Арнат Дүйсен, Сағынтай Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы