Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасының жаңа басшысы Наталья Ливинская онлайн-брифинг барысында айтты
Алматыда төтенше жағдай кезінде блок-бекеттер қойылған орынға экобекет орнатылуы мүмкін. Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасының жаңа басшысы Наталья Ливинская онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Конференцияда Наталья Ливинская қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірнеше ұсыныс айтты. Карантин кезінде жұмыс істеген блок-бекет тұрған жерлерде экобекеттерді іске қосуды жоспарлап отырмыз деді ол. Сондай-ақ, веложолдарды 28 шақырымға ұзарту, қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтарды ұлғайту да ойда барын жеткізді. Және, жақын арада қаланы аралап жүріп пайдаланылған газды өлшейтін мобильді зертханаларды іске қосатынын мәлімдеді.